Accessibility links

Тоқаев: Агроөнеркәсіптегі қылмыстық істердің жартысынан астамында субсидия талан-таражға салынған


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы субсидиялау тиімді жүзеге асып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін, 1 қыркүйек күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті жолдауында мәлімдеді.

"Соңғы 5 жылдың өзінде субсидиялауға 2 триллионнан (теңге) астам қаржы бөлінді. Өкінішке қарай, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты қозғалған қылмыстық істердің жартысынан астамы субсидияны талан- таражға салуға байланысты болып отыр. Бұған жол беруге болмайды" деді ол парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Мемлекет басшысы сондай Қазақстанның "аграрлық саясатында сабақтастық жоғын" айтты.

"Министр ауысса, саланың саясаты да өзгереді. Мұндай жағдайда шаруаларға алдағы жұмысты жоспарлау қиынға түседі" деді ол.

Тоқаевтың сөзінше, агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы ескіріп қалған.

Бұл – Тоқаевтың үшінші жолдауы. Қазақстан президенті қызметіне 2019 жылы келген ол бұған дейін екі рет жолдау жариялаған.

Тоқаевтың екі жолдауында айтылған саяси реформалар жөніндегі уәделерінің шын мәнінде жүзеге асқанына сенбейтіндер бар. Олардың пікірінше, Тоқаев саяси реформалар жөніндегі уәделері бойынша жасалған өзгерістер "косметикалық өзгерістердің" бірі болып шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG