Accessibility links

Covid дерегі: Қазақстанда кейінгі екі айдың ең төменгі көрсеткіші тіркелді


№2 қалалық ауруханада жатқан науқасқа сәлемдеме әкелген адамнан оны қабылдап тұрған кіші медицина қызметкері. Шымкент, 5 тамыз 2021 жыл.
№2 қалалық ауруханада жатқан науқасқа сәлемдеме әкелген адамнан оны қабылдап тұрған кіші медицина қызметкері. Шымкент, 5 тамыз 2021 жыл.

11 қыркүйек күні Қазақстанда 3575 адамның анализінен коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл – 9 шілдеден бергі ең төменгі көрсеткіш. Сол күні 3130 науқас тіркелген.

Осы күнге дейін аймақтар көшін бастап келген Алматы қаласында 869 науқас анықталған. Шілденің соңы мен тамыздың басында онда күн сайын орташа есеппен 1,5 мың науқас тіркеліп жүрген.

Тамыздың басында күнделік тіркелетін науқастарының саны мыңнан асып жүрген Қарағанды облысында 11 қыркүйек күні 405 адамның ПТР тесті оң шыққан.

Алматы облысында 332, Нұр-Сұлтанда 316 және Павлодар облысында бір күнде 213 науқас анықталған.

Қазақстанның эпидемиялық картасында Батыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақтан "сары аймаққа" өтті. Енді онда БҚО-мен бірге бес өңір бар. Олар: Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. "Жасыл" аймақта бұрынғыша Түркістан облысы ғана тұр. Қалғандары түгел "қызыл" аймақта.

Маусымның соңында Қазақстанда коронавирустың "дельта" варианты тіркеліп, елде індет қайта күш алған. Алғаш рет Үндістанда анықталған бұл вариант жұқпалығы мен адамды ауыр халге түсіру қарқыны бойынша едәуір қауіпті саналады. Шілденің соңы мен тамыздың басында індеттің тарауы шарықтау шегіне жетіп, күн сайын 8 мыңға тарта адамның анализінен Covid инфекциясы анықталып жүрді. Тамыздың соңынан бастап тәулік дерегі біртіндеп азайып келеді.

Елде індет басталғалы барлығы 839 499 адамның ПТР тесті оң шыққан. Оның ішінде 10 297 кісі қайтыс болған. Бұған коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ өзге аурудан қайтыс болды деген 2633 адам кірмей қалған.

Қазақстан мұнымен қатар 2020 жылғы 1 тамыздан бастап ПТР тесті теріс шыққан, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын "ковидтектес пневмония" есебін жүргізіп келеді. Осы күнге дейін пневмонияның бұл түрімен 72 742 адам тіркелген. Оның ішінде 4664 адам аурудан айыға алмай қайтыс болған.

19 миллион халқы бар Қазақстанда үкімет 10 миллион азаматқа коронавирус вакцинасын салуды көздеп отыр. Бүгінге кейін дейін екпені 5 миллион 893 мың 619 адам толық алған. Бұдан бөлек, 1 миллион 178 мың 904 адам вакцинаның екінші дозасын күтіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG