Accessibility links

Жүздеген бюллетень жоғалғанын хабарлаған кандидатты Петербург полициясы ұрып-соққан


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Санкт-Петербург қалалық заң шығарушы жиналысына "Яблоко" партиясынан кандидат болған Никита Сорокинді сайлау учаскесінде полиция ұрып-соққан. Бұл туралы "Петербург бақылаушылары" ұйымы хабарлады деп жазады "Настоящее время".

Ұрып-соққанын видеоға түсіріп алған бақылаушылар сөзінше, Сорокин сайлау учаскесінде жүздеген таза бюллетеннің жоғалуына байланысты полицияны өзі шақырған.

Сорокиннің ақпаратына қарағанда, 200-ден 300-ге дейін қолданылмаған бюллетень жоғалған. Ал сайлау комиссиясының төрағасы оған қарамастан сайлау учаскесінен кетіп қалған.

Бүгін Ресей халқы Мемлекеттік думаның 450 депутатын сайлап жатыр. Сайлаушылар үш күн бойы дауыс бере алады. Биыл парламент сайлауына 14 партиядан 3812 кандидат тіркелген.

Мемлекеттік думадан өзге Ресейдің 12 өңірінде РФ субъектілерінің басшылары, 39 өңірде мемлекетік биліктің заң шығарушы органдарының депутаттары сайланады. 2024 жылы Владимир Путиннің президент өкілеті аяқталғанда осы жолы сайланған Дума депутаттары қызметте отырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG