Accessibility links

Чебоксарыда Чувашияның егемендік туралы декларация қабылдаған күніне арналған акция өтті


Чувашияның егемендігі туралы декларация қабылдаған күнге орай жалау таратып жүрген белсенділер. Чебоксары. 24 қазан 2021 жыл
Чувашияның егемендігі туралы декларация қабылдаған күнге орай жалау таратып жүрген белсенділер. Чебоксары. 24 қазан 2021 жыл

Чебоксарыда белсенділер Чувашияның мемлекеттік егемендігі декларациясы қабылданған күнге арнап қала көшесінде жалауша таратты. Бұл бастаманы татар жастарының "Азатлық" одағы көтерген.

Татар жастарының "Азатлық" одағы Чувашия белсенділерімен бірге бұл акцияны жетінші жыл өткізіп отыр.

24 қазанда Чуваш республикасының мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдағанына 31 жыл болды. Акцияны ұйымдастырушылар бұл тарихи күннің чуваш халқының тарихындағы маңызы зор деп біледі.

"Татар жастарының "Азатлық" одағы қатарынан алтыншы жыл Чуваш республикасының астанасы Чебоксарыға барып, осы дата құрметіне халыққа жалаушы таратып жүр. Биыл да Чуваш республикасының туын насихаттай отырып, чуваш халқының ұлттық сана-сезімінің өрлей түсуіне, бауырлас түркі халықтарының қатынасын нығайта түсуге үлес қосқымыз келеді", — дейді "Азатлық" одағы алдын-ала тартқан хабарында.

​— Чебоксары тұрғындары бұл күнді күтті, біздің белсенділер бір сағатта екі мың жалау таратып үлгерді, — деп хабарлады Татар жастары "Азатлық" одағының төрағасы Наиль Набиуллин "Idel.Реалииге".

— Чувашияның мемлекеттік егемендік декларациясын жариялаған күнді ұмытуға болмайды. Бұл – бүгінгі республика қарыздар мереке. Біз татар халқының чуваш халқымен осы тарихи күнде бірге екенін көрсеткіміз келді,- дейді ол.

1990 жылдары СССР құрамындағы одақтас республикалармен қатар, Ресей федерациясының құрамындағы автономиялы субъектілер де мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдай бастаған.

Қазақстан Чувашиядан бір күннен кейін, 25 қазанда "Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация" қабылдаған.

Кейін одақтас респуликалар тәуелсіздігін жариялағанда Ресей құрамындағы автономиялы республикалар бұрынғы қалпында қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG