Accessibility links

Алматыда ОРВИ-ге шалдыққандар күрт көбейген


Медицина қызметкері тұмауға қарсы екпе салып жатыр.
Медицина қызметкері тұмауға қарсы екпе салып жатыр.

Алматыда 1 қыркүйектен бері 74 мыңнан астам адам ОРВИ-ге (жедел респираторлық вирус инфекциясы) шалдыққан. Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп. Бұл жөнінде қалалық СЭС басшыларына сүйенген Vlast сайты жазды.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, биыл күзде тыныс ауруларына шалдыққандар күрт көбейген. 1 қыркүйектен бері 74 426 адам ОРВИ-ге шалдықса, былтыр осы уақыт аралығында 17 731 адам аталған аурумен ауырған. Маман ОРВИ адамдардың коронавируспен күресуін қиындататынын айтып, сақтық шараларын орындауға үндеген. Оның айтуынша, коронавирус кейде ОРВИ ретінде келуі мүмкін.

СЭС өкілі Алматыда тұмау тіркелмегенін, оған қарсы вакцина 105 мың адамға егілгенін айтқан. Екпе алғандардың көбі бюджет есебінен вакцина салдырған.

ОРВИ немесе жедел респираторлық вирус инфекциясы – тыныс органдарының инфекциялық аурулар тобы. Оған шалдыққан адамның дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырады, жөтеліп, тұмаурап, көзінен жас ағады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG