Accessibility links

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар миллионнан асты


Маска таққан әйел көшеде кетіп бара жатыр. Көрнекі сурет.
Маска таққан әйел көшеде кетіп бара жатыр. Көрнекі сурет.

Алматыда миллионыншы тұрғынға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Бұл жөнінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Твиттерде хабарлады.

"Медициналық ақпарат жүйесінің мәліметі бойынша, Алматыда миллионыншы болып Самал Оқапова есімді азамат коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Денсаулығындағы ерекшеліктерге қарамастан, ол өзі мен жақындарын қорғау үшін вакцина салдырды. Мұндай саналы әрекет қуантады және өзгелерге үлгі" деп жазды шенеунік.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 7,6 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаның толық дозасын алған. 700 мыңы екінші дозасып күтіп отыр.

Министрлік кейінгі кезде елде індеттің бәсеңдеп, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын айтқан. Қазір күніне орташа есеппен 1300-1500 науқас тіркеліп жүр. 5 қарашада 1328 адамның анализінен коронавирус анықталған. 177-і Алматыда тіркелген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG