Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жоғары лауазым иесі Түркіменстанның "елде Covid жоқ" деген мәлімдемесіне күмәнданды. Бұл туралы BBC телеарнасы хабарлады.
"Індеттің бүкіл әлемге тарағанына екі жылға жуық уақыт болды. Ғылыми тұрғыдан алғанда, вирустың Түркіменстанда болмауы мүмкін емес", - деді доктор Кэтрин Смоллвуд. Ол ДДСҰ-ның төтенше жағдай жөніндегі аға офицері болып істейді.
ДДСҰ Түркіменстанның коронавирус елде жоқ деген мәлімдемесіне алғаш рет күмән келтіріп отыр, өйткені Түркіменстанда вирус ресми түрде тіркелмейді, делінген телеарна мақаласында.
Ашғабат коронавирус пандемиясы басталғалы бері ел аумағында коронавирус тіркелген жоқ деумен келеді.
Кэтрин Смоллвуд 2020 жылғы жазда ДССҰ миссиясын Түркіменстанға бастап барған.
Сол кезде ұйым миссия өкілдері елде коронавирус барын растай алмады, бірақ жоққа шығарған да жоқ деген. Дегенмен делегация Түркіменстан билігіне коронавирус кезінде қалай әрекет керектігіне қатысты кеңестерін берген.
Елде тұрғындар медициналық маска тағуға, әлеуметтік арақашықтық сақтауға міндеттелген. Екі жылда Түркіменстанда екі рет локдаун жарияланды. Алғашқысы сегіз айға созылды, екіншісі үш айдан бері жалғасып жатыр. Карантин шектеулері тұрғындардың ауыр жағдайын одан сайын қиындатып жіберген.
ПІКІРЛЕР