Accessibility links

Қазақстанда 1560 адамға Pfizer вакцинасы салынды


Алматыда жасөспірімдерге Pfizer вакцинасы салынып жатыр. 12 қараша 2021 жыл.
Алматыда жасөспірімдерге Pfizer вакцинасы салынып жатыр. 12 қараша 2021 жыл.

Қазақстанда батыс компаниялары әзірлеген коронавирусқа қарсы "Комирнати" (Pfizer) вакцинасының бірінші дозасы 1560 адамға салынды. Бұл жөнінде 16 қарашада таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сейсенбі күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мүмкіндігін қарастыратын қаулы әзірленіп жатқанын хабарлады.

Informburo сайтының жазуынша, екпе алғандардың көбі Алматыда тұрады. Бұған дейін қалада 1152 адамға Pfizer салынғаны хабарланған.

Қазақстанда тіркелген алтыншы екпе – Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Алматыға 10 қарашада жеткізілген болатын. 12 қарашадан бері салына бастады.

Pfizer негізінен:

  • 12-17 жастағы жаөспірімдерге;
  • 16-37 апта аралығында жүкті әйелдерге;
  • босанғанына кемінде 42 күн болған бала емізіп жүрген әйелдерге салынады.

Вакцина білім мекемелері мен екпе пунктерінде салынып жатыр. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі балаларға ата-анасы немесе қамқоршысының рұқсатымен ғана екпе салынатынын хабарлаған.

Бір күн бұрын әлеуметтік желіде кейбір ата-аналар Pfizer салуға санаулы ғана ата-ана рұқсат бергенін, "мұндай қарқынмен ковидті жеңе алмаймыз" деп алаңдаған.

16 қарашада денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мүмкіндігін қарастыратын қаулы әзірленіп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, премьер-министр Асқар Мамин ұсынысты қолдаған. Әзірге вакцина құны белгісіз. Бұрын қазақ үкіметі ресейлік "Спутник V" екпесінің екі дозасын елге алып келуге 26 доллар жұмсалды деп айтқан.

Қарай отырыңыз: 5-11 жасар балаларға коронавирусқа қарсы екпе қалай салынбақ?

5-11 жасар балаларға коронавирусқа қарсы екпе қалай салынбақ?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG