Accessibility links

Екатеринбург соты Қазақстан азаматын "зорлаған" үш полицейді ақтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Екатеринбург қаласының соты "Қазақстан азаматын зорлады" деп айыпталған бұрынғы үш полицейді ақтап жіберді. Сот сайтындағы ақпаратқа қарағанда, ІІМ қызметкерлерінің әрекетінде "қылмыс жоқ".

Тергеу 2019 жылы тамыз айында полиция қызметкерлері Вадим Мустафин, Андрей Бессарабов және Вячеслав Тропин 22 жастағы Қазақстан азаматын қызмет көлігіне отырғызып, сол жерде зорлаған. Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, олар оны бөлімшеге апарып, сол жерде "одан да көп адамға зорлатамыз" деп қоқан-лоқы көрсеткен. Ресей ІІМ тексерістен кейін үш бастықтың қызметінен кетірілгенін, 14 қызметкерге тәртіптік шара қолданылғанын хабарлады.

2020 жылы Екатерингбург соты Мустафинді - алты жарым жыл, Тропин мен Бессарабовты алты жыл түрме жазасына кескен. Желтоқсан айында Свердлов облыстық соты істі қайта қарауға жіберген. E1.ru сайтының жазуынша, жаңа деректер пайда болған: қыздардың бірі жәбірленуші "жеңгетайлық жасады" деп күдікке ілінген адамның тапсырмасымен полицейлерге жала жапты деген. Ал полицейлер күдіктінің бизнесіне кедергі келтірген.

Жәбірленушінің өзі басылымға әу-баста полицияға шағым түсіруге қорыққанын айтқан.

"Қорғанамын деп барып, жағдайды онан сайын ушықтырып алам ба деп қорықтым. Мені ұрып-соғып, өлтіріп тастай ма деп ойладым. Полицияға барғым келген жоқ. Әділ үкімге де үмітім болған жоқ. Әншейін үйге кіріп алып, жатқым келді. Өзім бармас едім, достарым көндірді" деді ол.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG