Accessibility links

Тоқаев президент әкімшілігі және ҰҚК-да бірқатар кадрлық өзгерістер жасады


Қазақстанда наразылық өршіп, үкімет отставкаға кеткен тұста президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Ол президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мұрат Нұртілеуді қызметінен босатып, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады.

Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы қызметінен босатылды. Оның орнына Ерлан Қарин тағайындалды. Бұған дейін Қарин Тоқаев көмекшісі болған.

5 қаңтарда таңертең президент үкімет отставкасын қабылдаған. Премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқарады.

Үкімет мүшелері жаңа үкімет құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.

Қазақстанның батысында Жаңаөзен қаласында жаппай наразылық басталып, өзге өңірлерге жайылған тұста үкімет отставкаға кетіп отыр. Бастапқыда наразылар Батыс өңірі тұрғындарының басым бөлігі көлігіне пайдаланатын сұйытылған газ бағасын арзандатуды талап етті. Жаңа жылдан бастап отынның аталған түрі екі есеге қымбаттаған.

Наразылықтың үшінші күні билік газды 50 теңгеге дейін төмендетуге келісті, алайда наразылар саяси талаптар айта бастады, олар үкімет отставкасын да талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG