Accessibility links

Кейінгі 30 жылда Душанбеден Ташкентке алғаш рет жолаушылар пойызы келді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ташкент теміржол вокзалына кейінгі 30 жылда Душанбеден алғаш рет жолаушылар пойыз келген. Бұл ақпаратты 21 маусымда "Өзбекстан теміржолдары" компаниясы таратты.

Компания баспасөз қызметі алғашқы пойыз құрметіне салтанатты рәсім өткенін айтқан, алайда егжей-тегжейлі ақпарат бермеген.

Биыл 2 маусымда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Өзбекстанға ресми сапармен келген. Осы сапарда екі тарап екі ел арасында жолаушылар пойызын жүргізуге уағдаласқан.

10 вагоннан тұратын "Душанбе-Ташкент" пойызы аптасына бір рет қатынайды, Душанбеден Ташкентке 21 сағатта жетеді.

Ташкент пен Душанбе арасындағы теміржол қатынасы 1992 жылы Тәжікстандағы азамат соғысына байланысты Өзбекстанның бастамасымен тоқтатылған. Екі ел басшылары — Ислам Кәрімов пен Эмомали Рахмон арасындағы салқындық та пойыз қатынасына әсер еткен.

.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG