Accessibility links

Қарақалпақстанда шілде оқиғасына байланысты қамалған 24 күдікті үйқамаққа ауыстырылды


Тергеу изоляторынан босатылған адамдарды туыстары қарсы алып тұр.
Тергеу изоляторынан босатылған адамдарды туыстары қарсы алып тұр.

Қарақалпақстанда Нөкістегі оқиғаға байланысты ұсталған 24 күдікті кепілпұлмен қамаудан босатылды. Бұл туралы омбудсмен кеңсесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Өзбекстан бас прокуратурасы "Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сұрауымен, болған оқиғаларды зерттеумен айналысатын комиссия мүшелерінің ұсынысымен, мемлекет кепілдігімен" осындай шешім қабылдаған.

Ресми мәлімдемеде айтылғандай, "күдіктілердің тәртіпсіздік кезінде жасаған әрекетіне өкінетіні ескерілді. Бұған қоса, олардың кәмелетке толмаған балалары бар, кейбіреуі үйдің жалғыз асыраушысы".

1-2 шілдеде Нөкіс қаласында Конституцияда Қарақалпақстан мәртебесін өзгерту туралы жобаға наразы халық көтерілген. Билік наразылықты күшпен басты.

Өзбек билігінің мәліметінше, Нөкістегі ереуілдер кезінде 21 адам қаза болып, 243 адам жараланған, олардың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Оқиғадан соң 516 адам ұсталды.

Халықаралық ұйымдар мен Батыс елдері Өзбекстанды оқиғаны жан-жақты, әділ тергеуге үндеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG