АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарып жатқан кезде, тәліптер тартып алған Black Hawk тікұшағы демалыс күндері өткен әскери жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Екі ұшқыш және бір экипаж мүшесі қаза тапқан. Бұл жөнінде қазір билік басындағы "Талибан" қозғалысының қорғаныс министрлігі хабарлады.
Оқиға өткен сенбі күні Кабулдағы қорғаныс университетінің аумағында болған.
Министрліктің хабарлауынша, Black Hawk тікұшағы "техникалық ақауларға байланысты апатқа ұшыраған". Экипаждың бес мүшесі ауыр жараланған.
Былтыр Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығарғаннан кейін, көп ұзамай террористік ұйымдар тізіміндегі "Талибан" қозғалысы Кабулды басып алған. Америкалық әскерилер жалпы құны миллиард доллар тұратын бірқатар тікұшақ, ұшақ, көлік және қару-жарақтарын қалдырып кеткен. Америкалық әскерилер олардың дені істен шыққан деген.
Ол тікұшақтардың біразымен ауған әскерилері Өзбекстан мен Тәжікстанға қашып барып, үшінші елге өткен. Қазір бұл тікұшақтарды тәліптер қайтаруды талап еткенімен, Өзбекстан мен Тәжікстан бермей отыр. АҚШ қорғаныс министрлігі ол тікұшақтарды Өзбекстан мен Тәжікстанның қорғаныс саласына тарту етеміз деп мәлімдеген.
Тәліптер 31 тамызда әскери парад өткізіп, билікке келген бір жылын атап өткен. Сол кезде америка әскерилері қалдырып кеткен техникаларды парадқа алып шыққан.
ПІКІРЛЕР