Ресей әскері Украинаға басып кіргенге дейін Польшаға келген Ресейдің ондаған азаматы Польшада тұрақты тұруға рұқсат ала алмай жүр. Олардың Польшада оқитыны да, тұрақты жұмыс істейтіні де ескерілмеген және не үшін рұқсат берілмегені де түсіндірілмеген. Бұл жөнінде БИ-би-сидің орыс қызметі хабарлады.
Би-би-си тілшісімен сөйлескендердің айтуына қарағанда, оларға иммиграциялық ісі аяқталғаны туралы хат келген. Себебін ұлттық қауіпсіздіккке төнген қатерге байланысты құпия деп көрсеткен.
Мұндай жағдайда адамға елден шығып кетуге 30 күн беріледі. Апелляциялық сотқа беріп, істі қарау кезінде Польшада қала тұруға да болады.
Би-би-сидің мәліметіне қарағанда, 2021 жылы Ресейдің 6,3 мың азаматына Польша уақытша және тұрақты тұруға рұқсат бермеген. Биыл соғыс басталғалы бері алты мыңға жуық адам.
Заңгерлердің сөзіне қарағанда, Польшаның бұлай бас тартқаны Еуропа одағының ережесіне қайшы келеді. Бірақ не себепті рұқсат етілмегенін шын мәннде дәлелдеу өте қиын.
ПІКІРЛЕР