Accessibility links

Украинадағы соғыс туралы мақаланы жоюдан бас тартқаны үшін Мәскеу соты "Уикипедияға" айыппұл салды


Википедија на македонски јазик - лого
Википедија на македонски јазик - лого

Мәскеу қаласының Таганск аудандық соты Ресейде тыйым салынған ақпаратты жоюдан бас тартқаны үшін "Уикипедияны" басқаратын АҚШ-тың Wikimedia Foundation қорына екі миллион рубль көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

"Әңгіме Украинадағы соғыс жөніндегі мақала туралы болып отыр" дейді "Ведомости" газетінің тілшісі бұл жайында.

Wikimedia Foundation қоры "Ресейде тыйым салынған контентті жоймағаны" үшін кінәлі саналған. Іс материалына қарағанда, Ресейдің байланыс, ақпараттық технология және бұқаралық коммуникация саласын бақылау агенттігі ("Роскомнадзор") "Ненасильственное сопротивление гражданского населения Украины в ходе вторжения России" ("Ресей басқыншылығы кезіндегі Украина халқының қарсылығы") және "Оценки вторжения России на Украину" ("Ресейдің Украинаға басып кіргеніне берілген бағалар") деп аталатын мақалаларды жоюды талап еткен.

Бұл соғыс туралы мақаласы үшін "Уикипидеяға" салынған алғашқы айыппұл емес. Бұған дейін "Роскомнадзор" бас прокуратураның талабы бойынша "Вторжение России на Украину" ("Ресейдің Украинаға басып кіруі") деген мақаланы жоюды екі рет талап еткен.

Жоғарыда аталған мақалалар әзірге ашық тұр. Сәуірде энциклопедияға үш миллион рубль айыппұл салынған. Wikimedia Foundation Ресей сотының шешімін орындайтынын я орындамайтынын хабарламаған.

19 мамырда "Роскомнадзор" Wikimedia Foundation қорын Ресейде өкілдігі ашылуға тиіс компаниялар тізіміне қосқан. Компания бұл талапты орындамаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG