Accessibility links

ОСК: Сайлаушылардың 23,4 пайызы дауыс берді


"Фотоесеп" үшін дауыс беріп жатқан адам. 20 қараша 2022 жыл.
"Фотоесеп" үшін дауыс беріп жатқан адам. 20 қараша 2022 жыл.

Астана уақытымен сағат 10-ға қарай елде дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 23,37 пайызы бюллетень алды, деп мәлімдеді орталық сайлау комиссиясы. ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов облыстық сайлау комиссияларынан алынған мәліметтерді жариялады.

ОСК дерегінше, сайлауға қатысу белсенділігі төмендегідей:

  • Абай облысы – 25,64 пайыз
  • Ақмола облысы – 21,21 пайыз
  • Ақтөбе облысы – 26,66 пайыз
  • Алматы облысы – 20,12 пайыз
  • Атырау облысы – 25,03 пайыз
  • Батыс Қазақстан облысы – 20,86 пайыз
  • Жамбыл облысы – 23,27 пайыз
  • Жетысу облысы – 25,58 пайыз
  • Қарағанды облысы – 32,27 пайыз
  • Қостанай облысы – 26,97 пайыз
  • Қызылорда облысы – 26,41 пайыз
  • Маңғыстау облысы – 25,2 пайыз
  • Павлодар облысы – 27,9 пайыз
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 27,33 пайыз
  • Түркістан облысы – 27,03 пайыз
  • Ұлытау облысы - 27,81 пайыз
  • Шығыс Қазақстан облысы – 23,17 пайыз
  • Астана қаласы – 13,73 пайыз
  • Алматы қаласы – 8,42 пайыз
  • Шымкент – 30,92 пайыз.

Сағат ондағы мәлімет бойынша, жалпы 2 млн 792 мың 962 адам бюллетень алған. Елде 12 млн-ға жуық адамның дауыс беруге құқығы бар.

Елде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG