Accessibility links

Ауғанстандағы ұлттық қарсылық майдан жетекшісі Ахмад Масуд Душанбеде тәліптерді сынады


Ахмад Масуд
Ахмад Масуд

Ауғанстандағы Ұлттық қарсылық майданын басқаратын Ахмад Масуд Душанбеде өткен "Герат қауіпсіздігі диалогы" халықаралық конференциясында тәліптерді сынады.

Екі күнге созылған конференция 29 қарашада басталған. Оған Ауғанстан бойынша 120 сарапшы қатысты.

Ахмад Масуд конференция кезінде Кабул билігін тәліптер басып алғалы бері халықаралық қауымдастық қол қусырып отыр деп мәлімдеді. Ол "қазір ауған жері халықаралық террористердің ошағына айналып қана қоймай, ауған халқы үшін нағыз түрмеге айналды" деді.

"Тәліптер ислам ережелеріне қарсы келетін экстремистік және репрессивті тәсілдерді қолданып жатыр" деді Ахмад Масуд.

Оныншы рет өтіп жатқан "Герат қауіпсіздігі диалогы" Ауғанстанды "Талибан" қозғалысы басып алғалы бері бірінші рет Тәжікстан жерінде өтіп жатыр. Былтыр тамыз айында тәліптер Кабулды басып алған. "Талибан" үкіметін әлемнің бірде бір елі мойындамады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG