Accessibility links

Air Astana компаниясының Алматы-Ташкент рейсінің жеті жолаушысы жарақаттанды


Air Astana ұшағы. Көрнекі сурет.
Air Astana ұшағы. Көрнекі сурет.

2 қаңтарда Air Astana әуе компаниясының Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан ұшағы қатты турбулент аймағына тап болып, жеті жолаушы жарақаттанған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Әуе компаниясының хабарлауынша, KC 128 рейсі Ташкенттен жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшып шығып, Алматыға 16.45-те қонған. Экипаж жарақаттанған жолаушыларға алғашқы көмек көрсеткен, кейін Алматы әуежайында зардап шеккен жолаушыларды жедел жәрдем күтіп алған.

Әуе компаниясы болған оқиғаға өкініш білдіріп, рейс жолаушыларына барлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Бұған қоса, оқиғаға байланысты тиісті органдар тексеру жүргізетінін де хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG