Accessibility links

Ресейдің бейсенбідегі әуе соққыларынан Украинада 11 адам мерт болды


Ресей ракетасының шабуылынан кейін қираған елді мекен маңында жүрген балалар. Киев маңы. 26 қаңтар, 2023 жыл.
Ресей ракетасының шабуылынан кейін қираған елді мекен маңында жүрген балалар. Киев маңы. 26 қаңтар, 2023 жыл.

Ресей әскері бейсенбі күні Украина аумағын зымыранмен атқылады.

Зымырандар соққысы мен оның алдында дрондар жасаған шабуылдардан кем дегенде 11 адам мерт болып, 10-нан астам адам жараланды. Бұл туралы Украина мемлекеттік төтенше жағдай жөніндегі қызметінің өкілі хабарлады. Ол нақты қай қалаларда адам шығыны болғанын айтпады. Киевте кем дегенде бір адам опат болғаны мәлім.

Бейсенбі күндіз Днепропетровск, Запорожье және Киев облыстарында, сонымен бірге Винница облысы мен Одесса түбінде жарылыстар болғанын Азаттық жазды. Киев мэрі Виталий Кличко Украина астанасындағы жарылыстар туралы хабарлады.

Энергетика нысандарына да соққы жасалған. Одесса облысының билігі екі маңызды инфрақұрылым қирағанын хабарлады. Киев облысында да бір нысан қираған. Бірнеше облыста, соның ішінде Киев, Винница және Одессада жарық сөнді.

Украина қарулы күштерінің қолбасшысы Валерий Залужныйдың хабарлауынша, ел аумағына барлығы 55 зымыран жіберілген, олардың арасында екі "Кинжал" гибердыбыс зымыраны да бар. Украин жағы 47 зымыран әуе қорғанысы жүйесінің көмегімен атып түсірілгенін хабарлады.

Ресей қолбасшылығы соққы туралы әзірше мәлімет таратқан жоқ.

Мұның алдында Ресей 14 қаңтарда Украина аумағын зымыранмен атқылаған. Зымырандардың бірі Днепрдегі тұрғын үйге түсіп, кем дегенде 40 адам опат болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG