23-26 ақпан аралығында дүниежүзі қалаларында Украинаны қолдайтын "Жарық түнекті жеңеді" атты акция өтеді. Бұл жөнінде Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады. 24 ақпанда Ресейдің Украинаны басып кіргеніне бір жыл болды.
Акцияны дүниежүзіндегі украин ұйымдары мен диаспораларының белсенділері ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылардың бірі әрі кампанияны үйлестіруші – Украина қауымдары бірлестігі (Communities Army of Ukraine).
Ұйымдастырушылар "сары-көк түс" "мәскеулік-путиндік түнекті" жеңуі керек деп есептейді.
Кейбір қалаларда "Украинаның тірі картасы" атты флешмобтар жоспарланған.
Әлеуметтік желіде #LightWillWinOverDarkness хештегі арқылы осындай шаралардан ақпарат таратылып жатыр.
Демонстрациялар кезінде белсенділер сары-көк түсті қолшамдар, білтешамдар, факелдер мен файерлер қолданбақшы.
"Как не стать овощем" бастамасының негізін қалаушы Оксана Мороз Facebook-те шетелдегі украиндер де акцияға қатысып, шарадан ақпарат тарата алады деген.
Бұған дейін Лондонда Ресей консулдығы орналасқан көшені ұлыбританиялық Led By Donkeys белсенділері украин туына ұқсас сары-көк түспен бояп тастаған еді. Акцияны ұйымдастырушылар Ресей басқыншылығына бір жыл толған шақта Украинаны осылайша қолдағысы келгенін айтқан.
ПІКІРЛЕР