Accessibility links

Каспий құбыр консорциумы Новороссийскідегі теңіз терминалында Қазақстан мұнайын тиеуді тоқтатты


Каспий құбыр консорциумы 12 сәуірде ресми сайтында 10 сәуірден бастап Новороссийскіде теңіз терминалы қазақстандық мұнайды айлақ қондырғысы арқылы тиеуді тоқтатты деп хабарлады. КҚК мұны "жоспарға сай үзіліс" деп атады.

Бұған дейін Новороссийскідегі жергілікті БАҚ мұнай өнімдерінің "сасық иісіне байланысты жайсыз экологиялық ахуал" орнағанын хабарлаған. Компания өзінің нысандарынан жағымсыз иіс шығуы мүмкін емес екенін айтқан.

"КҚК теңіз терминалы 10 сәуірден бастап қазірге дейін жоспарлы үзіліске байланысты айлақ қондырғысы арқылы мұнай тиеп жатқан жоқ және қоймаға мұнай қабылдап жатқан жоқ" деп жазылған компания хабарламасында.

7 сәуірде компания Новороссийскіде теңіз терминалындағы екінші қондырғысының құбыршектерін алмастыратынын ескерткен.

Наурыз айында сол кездегі Қазақстан энергетика министрі Болат Ақшолақов Хьюстондағы халықаралық энергетика конференциясында Қазақстан 2023 жылы КҚК арқылы тасымалдайтын мұнай көлемін 50 млн тоннадан 60 млн тоннаға дейін ұлғайтады деп мәлімдеген. Ол сонымен бірге келесі жылдың соңына дейін тәулігіне 2 млн баррель мұнай өндіріле бастайды деп айтқан.

Экономикасы шикізатқа тәуелді Қазақстан мұнайының 80 пайызы Ресейдің осы құбыр желісі арқылы халықаралық нарыққа шығарылады. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бұл құбыр желісінің жұмысы жиі тоқтайтын болған.

XS
SM
MD
LG