Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак ресейліктермен тұтқын алмасу нәтижесінде 130 украин азаматын қайтарғанын хабарлады.
"Пасхадағы тұтқын алмасу. 130 адамымызды қайтарып жатырмыз. Ол бірнеше кезеңнен тұрды. Әскери қызметкерлер, шекарашылар, ұлттық гвардияшылар, теңізшілер... Қатардағы жауынгерлер, сержанттар, Бахмут, Соледар, Запорожье, Херсон бағытында тұтқынға түскендер. Адамдарымыз үйге оралып жатыр" деп жазды Андрей Ермак жексенбі күні телеграм-арнасында.
Ресей Пасха мерекесіне арналған тұтқын алмасу жөнінде хабарлама таратпады деп жазды РБК.
Бұған дейін екі жақ 7 наурызда тұтқын алмасқан. Ол кезде де Украинаға 130 адам оралған. Киев сол кезде оралғандардың көбінің ауыр жарақаты болғанын айтқан. Ресей қорғаныс министрлігі наурыздың басында 90 әскери қызметкер қайтарылғанын хабарлаған.
ПІКІРЛЕР