Accessibility links

Қазақстан мұнайы Түркияның Жейхан портынан Румынияға жөнелтіле бастады


"ҚазМұнайГаздың" еншілес кәсіпорынына тиесілі ALATAU танкері. Фото ҚМГ сайтынан алынған.
"ҚазМұнайГаздың" еншілес кәсіпорынына тиесілі ALATAU танкері. Фото ҚМГ сайтынан алынған.

Қазақстан мұнайы Түркияның Жейхан портынан "ҚазМұнайГаз" компаниясының Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытына жіберіле бастады. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" сайты хабарлады.

"ҚазМұнайГаздың" баспасөз хабарламасы бұл оқиғаны "отандық мұнай-газ саласындағы елеулі оқиға" деп көрсеткен.

"Әзербайжанның SOCAR компаниясымен жасалған келісім орындалып жатқаны қуантады. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың әлеуеті зор екендігін растап отыр" деген жөнелтуді бастау рәсімі кезінде компания басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

Компания хабарына қарағанда, Жейхан терминалынан көлемі 80 мың тонна мұнайдың алғашқы партиясын "Қазақтеңізкөлікфлоты" ("ҚазМұнайГаздың" еншілес кәсіпорны) тиесілі ALATAU танкері тасымалдайды. Ол мұнай Румынияның Констанца портына жөнелтіліп, Petromidia мұнай өңдеу зауытына жеткізіледі.

Былтыр жыл аяғында Ақтау – Баку – Жейхан бағыты бойынша жыл сайын 1,5 млн тонна көлемінде мұнай жөнелту туралы бес жылдық келісімге "ҚазМұнайГаз" бен Әзербайжанның SOCAR компаниясы қол қойған. Биыл наурызда Қазақстан мұнайы Ақтау – Баку бағыты бойынша жөнелтіле бастаған. Тасымалға Қазақстан мен Әзербайжан флоттары паритет негізде жұмылдырылған. 20 сәуірдегі жағдай бойынша, Ақтау портынан 86 мың тонна мұнай жөнелтілген.

2022 жылдың аяғында Қазақстан Каспий мен Жерорта теңіздерін жалғайтын Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры арқылы 2023 жылдың басынан бастап 1,5 миллиона тонна мұнай тасымалдайтыны хабарланған.

Ресей "дос емес" елдерге мұнай экспорттауға тыйым салған соң, Қазақстан Германияға мұнай экспортайтыны туралы алуан түрлі ақпарат тараған.

Энергетика министрлігінің ақпаратына қарағанда, Қазақстан 2023 жылы Германияға 1,5 миллион тонна мұнай экспорттап, оны 6 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бастапқыда қаңтардан бастап тасымалдайтын болған, әзірге ай сайын кейінге қалдырып келеді.

Bloomberg басылымы Қазақстан бұл бағытқа жеткілікті мұнай таба алмағанын хабарлаған.

Қазақстан үкіметінің былтырғы ақпаратына қарағанда, ресупблика 2023 жылы 90,5 миллион тонна мұнай өндіріп, оның 71 миллионын экспортауды жоспарлап отыр.

2022 жылы Ресей соты Новороссийскідегі КТК терминалын 30 күнге тоқтатқан соң, Қазақстан билігі мұнай тасымалын диверсификациялайтынын жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG