Accessibility links

Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтың бұрынғы астанасында Әзербайжан туын көтерді


Жексенбі күні президент Ильхам Әлиев Ханкенді (Степанакерт - мойындалмаған Таулы Қарабақтың бұрынғы астанасы) қаласында Әзербайжан туын көтерді. Ол мұнан өзге 19 қыркүйектегі әскери операциядан кейін Бакудың бақылауына оралған Ходжалы, Агдер сияқты өзге де елді мекендерінде Әзербайжан туын көтерген.

Осылайша Әзербайжан Қарабақты толық қайтарып алғанын көрсетті.

Халықаралық құқық бойынша Қарабақ Әзербайжан жері саналады. Негізінен армяндар тұрған. 1990 жылдардың бас кезінде армяндар Таулы Қарабақ республикасын жариялаған, бірақ оны әлемнің ешбір елі мойындамаған. Мұнан өзге армян әскері Қарабақ құрамына кірмейтін Әзербайжан жерін де басып алған.

19 қыркүйекте Әзербайжан әскери операция жасап, мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының үкіметін капитуляцияға мәжбүрлеп көндірген.
Қуғын-сүргін болуы мүмкін деп сескенген армяндар жаппай үйлерін тастап, Арменияға кеткен. БҰҰ мәліметіне қарағанда, 120 мың армяннан бірер аптаның ішінде мыңнан астам ғана адам қалған. Ереван халықтың жаппай қоныс аударғанын қысым деп атады.
Әзербайжан билігі армяндарды қала беруге, Әзербайжан қоғамымен араласуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG