Accessibility links

ЦАХАЛ Газа секторында содырлар кемінде 212 адамды кепілдікте ұстап отырғанын айтты


Кепілдіктен босатылған Америка азаматтары Джудит Раанан және оның қызы Натали. Оларды Израильдің қауіпсіздік қызмет өкілдері қоршап келе жатыр.
Кепілдіктен босатылған Америка азаматтары Джудит Раанан және оның қызы Натали. Оларды Израильдің қауіпсіздік қызмет өкілдері қоршап келе жатыр.

ХАМАС экстремистік тобының содырлары (бірқатар елдерде террористік ұйым деп танылған) Газа секторында кемінде 212 адамды кепілдікте ұстап отыр. Израиль армиясының ресми өкілі Даниэль Хагари осылай деп мәлімдеді.

Бұл тізімге бұған дейін босатылған Американың екі азаматы Джудит Раанан мен оның қызы Натали кірмеген.

Израиль армиясы өкілінің сөзінше, кепілдікте отырғандар саны өзгеруі мүмкін. ЦАХАЛ із-түзсіз жоғалғандар туралы жаңа ақпарат түсіп жатқанын айтты.

Жуырда ЦАХАЛ 210 адамның кепілдікте екенін хабарлаған.

Кепілдікте отырғандар саны үнемі өзгеріп жатыр. ХАМАС-тан бөлек, Газа секторындағы өзге қарулы топтар да адамдарды кепілдікте ұстап отырған болуы мүмкін. 14 қазанда ЦАХАЛ-дың баспасөз қызметі ХАМАС содырлары 120-дан астам бейбіт тұрғынды кепілдікте ұстап отырғанын айтса, екі күннен кейін ведомство олардың саны кемінде 199 адам екенін айтқан.

19 қазанда кепілдіктегі адамдар саны 203-ке жетті: арасында 30 бала, 10-20 қарт бар, деп хабарлады ЦАХАЛ.

Кепілдікте отырғандар арасында екі азаматтығы бар адамдар да бар, олардың қатарында ресейліктер де бар.

XS
SM
MD
LG