Accessibility links

АҚШ-та демократ Дин Филлипс президент сайлауына түскісі келетінін мәлімдеді


Мультимиллионер Дин Филлипс.
Мультимиллионер Дин Филлипс.

Миннесота штатынан Конгреске сайланған, 54 жастағы Дин Филлипс 2024 жылы президент сайлауына Демократиялық партия атынан қатысқысы келетінін жариялады. "Америка дауысы" сайтының жазуынша, ол Демократиялық партия атынан кандидат болу үшін қазіргі президентпен бәсекелесетінін айтқан. Сайттың жазуынша, Дин Филлипстің бұлайша үміттенуіне Джо Байденнің жасына байланысты сайлаушылар қаупі түрткі болған.

Дин Филлипс —мультимиллионер, өкілдер палатасындағы ең бай адамдардың бірі. Саясатқа келмей тұрып, өгей әкесі оған шарап пен шнапс және Talenti gelato балмұздағын өндіретін фирманы мұра ретінде қалдырған. 2018 жылы өкілдер палатасына сайлауалды кампаниясы кезінде Филлипс балмұздағы бар жүк көлігін жүргізген. Сол уақытта ол округте бесінші рет сайлауға түскен республикашылды жеңген. Кейін өз округынде екі рет республикашыларды жеңді.

Сайлауалды видеоролигінде ол өзінің саяси кредосы жөнінде "Бізде кейбір мәселелер бар... Экономика мен Американы қалпына келтіреміз" дейді.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, Филлипс Нью-Гэмпшир штатының Конкорд қаласында сайлауалды шара өткізіп, осы штаттың мемлекеттік хатшы кеңсесіне праймеризге қатысуға өтініш түсірген.

XS
SM
MD
LG