Accessibility links

Өзбекстанда балалар үйіндегі қыздарды зорлады деп айыпталған экс-шенеуніктер түрме жазасын алды


Өзбекстанда апелляция соты Үргеншідегі балалар үйіндегі екі қыз баланы зорлады деп айыпталған бұрынғы екі шенеуніктің жазасын қатаңдатты. Бұл туралы Өзбекстан жоғарғы сотының баспасөз қызметі 3 қарашада хабарлады.

Бұрын олар бір жарым жыл бас бостандығын шектеу жазсын алған еді, ал Ташкенттегі аппеляция соты оларды ескі бап бойынша 3 жылға түрмеге кесті.

2022 жылы қыркүйекте Хиуа ауданының қылмыстық істер бойынша соты Хорезм облысы әділет басқармасының бұрынғы басшысы мен Янгиарык ауданы төтенше жағдай бөлімінің экс-башысының бас бостандығын бір жарым жылға шектеген.

Балалар үйінің басшысы қыздарды шенеуніктермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, ол үшін ақша алған. Бұл оқиға туралы 31 наурызда Nemolchi.uz жариялаған. Шенеуніктердің тек бас бостандығының шектелгені қоғамда шу туғызып, бас прокуратура жеңіл жаза тағайындалғанын мойындаған.

Апелляция сотының жаңа шешіміне сай, экс-шенеуніктер "16 жасқа толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түсу" бабының ескі нұсқасымен айыпты деп танылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG