Израиль сыртқы істер министрлігінің Еуразия мен Балқан бойынша бас директорының орынбасары Симона Гальперин 7 қарашадағы брифинг кезінде Қазақстаннның Палестина халқына миллион доллар гуманитарлық көмек бөлгеніне байланысты пікір айтты.
"Израиль палестиналықтарға көмек берілгеніне қарсы емес. Израиль палестиналықтармен емес, ХАМАС-пен соғысып жатыр. Израильдің бір ғана сөзі бар: көмек палестиналықтарға баруға тиіс, ХАМАС-қа, терроризмге емес, - деді Гальперин.
Оның сөзінше, кейінгі ондаған жыл ішінде палестиналықтар БҰҰ мен өзге де ұйымдардан көмек алып келген.
"Қайда сол көмек? Мектеп, аурухана, индустрияға емес, ХАМАС-тың тоннелдеріне кетті бәрі,- деді Гальперин.
Кеше Астанадағы брифингте Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Газа секторындағы апатты жағдайды ескеріп, Қазақстан сырт қалмай, Палестина халқына бір миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру жөнінде шешім қабылдады" деген болатын.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі аталған қаражат БҰҰ Палестина босқындарына көмек бойынша Таяу Шығыс агенттігіне аударылғанын хабарлады.
ПІКІРЛЕР