Accessibility links

Сирия лагерьлерінде 200-ге жуық өзбек әйелі мен баласы Өзбекстанға қайтуды күтіп отыр


uzbekistan - Uzbek women and kids taken back from Syria
uzbekistan - Uzbek women and kids taken back from Syria

Өзбекстандағы БҰҰ-ЮНИСЕФ балалар қоры өкілдігінің бұрынғы басшысы Мунир Мамедзаде Gazeta.uz басылымына берген сұқбатында Сириядағы лагерьлерде екі жүзге жуық өзбек әйелі мен баласы Отанына оралуды күтіп жүргенін айтқан. Мұны Азаттықтың Өзбек редакциясы жазды.

Мамедзаде Өзбекстан өкіметінің Сириядағы қарулы қақтығысқа қатысқан өзбек азаматтарының әйелдерін "қалыптасқан жағдайды құрбаны" деп танығанын ЮНИСЕФ құптағанын мәлімдеген.

"Балалар өз тағдырын таңдамағаны белгілі, әйелдер де өз еркімен бара қойған жоқ. Оларды әлеуметтік интеграция принциптері негізі бойынша қабылдау үлгі боларлық шешім, – деді Мамедзаде.

Өзбекстандағы жұмысын аяқтаған ЮНИСЕФ басшысының сөзінше, Сирия лагерьлерінде әлі күнге Өзбекстан азаматтары бар:

"Қалған балалар мен әйелдерді әкелу қажет. Бұған дейін бес кампания өтті, алтыншы кампаниямен бұл жұмысты аяқтай аламыз", – деді ол.

2019 жылдан бері "Мехр" ("Мейірім") деп аталатын бес операция барысында Сирия, Ирак және Ауғанстаннан Өзбекстанға 531 әйел мен бала оралған. Бұл операция соңғы рет 2021 жылы жасалған.

Қазақстан ҰҚК 2014 жылы ДАИШ терролық ұйымы қатарында 300 қазақстандық соғысып жүр" деп мәлімдеген. Олардың кейбірі Сирия мен Иракқа отбасыларымен барған. Сирияда ДАИШ жеңіліске ұшырап, ДАИШ содырларының бір бөлігі соғыста қаза болған, кейбірінің отбасы Сириядағы босқындар лагеріне немесе Ирак түрмелеріне қамалған.

2019 жылы Қазақстан билігі Сирияда жүрген азаматтарын қайтаруға арналған "Жусан" операциясын аяқтағанын хабарлаған. 2021 жылы қазанда таратқан мәліметке қарағанда, 2018 жылдан бері Сириядан Қазақстанның 742 азаматы оралған. Оның ішінде 189 әйел, 516 бала бар. ҰҚК мәліметіне қарағанда, елуден астам адам сотталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG