Accessibility links

Украинада соғыста Тәжікстан тумасы қаза болды


Донецкіде өртеніп жатқан орыс танкісі.
Донецкіде өртеніп жатқан орыс танкісі.

Тәжікстанның Әбдурахмони Жоми ауылының тумасы, 43 жастағы Назрулло Жунайдов төрт ай бұрын Мәскеуде әскерге шақырылып, Украинаға соғысқа жіберілген.

Туыстары оның 10 қарашада Украинаның Донецк облысында қаза тапқанын хабарлады.

Туыстарының сөзінше, Назрулло 25 жыл бұрын Ресей азаматтығын алып, тәжік азаматтығынан бас тартқан.

15 қарашада әскери бөлімшеден қоңырау шалып, Нарзулло Жунайдовтың қаза тапқанын жеткізген.

"Нарзулло Яндекс таксиде жұмыс істеді. Оған әскерге шақыру жіберген. Ол келісуге мәжбүр болды" дейді туысы.

Қазір оның денесін туған жеріне жеткізу мәселесі қаралып жатыр.

Әзірге Украинадағы соғыста қанша тәжікстандық жүргені, қаншасы қаза болғаны жөнінде нақты мәлімет жоқ. Биыл Тәжікстан билігі соғыста 100-ден астам тұтқынның жүргенін растаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG