Accessibility links

Қызылшамен ауырғандар Қазақстанда 17 мыңнан асқан. Алты мыңы қараша айында жұқтырған


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Қазақстанда жыл басынан бері 17 мың адам қызылшамен ауырған, оның алты мыңы қызылшаны осы айда жұқтырған. Мұны денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

"Қызылша жұқтырғандар қыркүйек айынан бастап күрт көбейді. Қараша айында алты мыңнан астам бала қызылша жұқтырған", - деді министр сейсенбі күні үкімет отырысында.

Қызылша жұқтырғандардың 82 пайыздан астамы балалар, олардың көпшілігі екпе салынбағандар. Ауырғандардың 65 пайыздан астамы бес жасқа дейінгі сәбилер.

Ажар Ғинияттың сөзінше, қызылша Қазақстанның барлық өңіріне тараған, әсіресе Алматы мен Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күшейіп тұр.

Бүгінге дейін 2375 бала стационарлық ем қабылдап жатыр. 30 баланың жағдайы ауыр, оның ішінде 15 сәби бір жасқа да толмаған.

Өткен аптада денсаулық сақтау министрлігі қосымша жаппай егу үшін Қазақстанға қызылшаға қарсы 500 мың доза вакцина әкелінгенін хабарлаған. Қараша айынан бастап 1 жасқа дейінгі нәрестелер мен екі жастан үш жасқа дейінгі сәбилерге жаппай вакцина егу басталған.

Қызылша жұқтырғандар әлі көп
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG