Accessibility links

Алматыда кәсіпкерді "бопсалады" деген айыппен ерлі-зайыпты екі журналист көп жылға сотталды


Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі аудан аралық мамандандырылған соты ерлі-зайыпты журналистерге үкім шығарды.

Сот баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, журналистер "алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде бірнеше мәрте бопсалағаны" үшін айыпты деп танылған. Владимир Северный жеті жылға, Наргиз Северная сегіз жылға бостандығынан айырылған. Сәбиі бар екені ескеріліп, Наргиз Севернаяның жазасын өтеу мерзімін бес жылға шегерген.

Владимир Северный мен Наргиз Северная биыл 21 сәуірде қамауға алынған. Одан бір күн бұрын олар қоқан-лоқы жасалып жатқанын хабарлаған.

Сот материалына қарағанда, "айыпкер Владимир Северный бопсалау мақсатында Ф. басшылық ететін "Б" ЖШС-ның қызметі туралы бірнеше рет теріс сипаттағы материалдар жариялаған. Биыл сәуірде Алматы мейрамханалардың бірінде "Б" ЖШС қызметі жөнінде теріс сипаттағы материал жариялауды тоқтатқаны үшін Ф.-дан 15 млн. теңге талап еткен. Ф-дан соманың бір бөлігі – 5 ммиллион теңгені алғанда ұсталған".

Сот баспасөз қызметі "екі журналист 2019 жылы маусымда әлеуметтік желілерге Алматы қаласынағы кофехананың қызметі туралы жағымсыз сипаттағы посттар, фото және бейнематериалдарды жариялап, бұл материалдарды газетке бермеуі үшін аталған нысанның басшысы Д.-дан 500 мың теңге талап етіп, 200 мың теңге алған" деп жазады.

Журналистер тағылған айыпты мойындамаған, ақтап шығаруды сұраған. Олар бұл істі "тапсырыс" деп есептейді. "Республика" басылымына айтқан пікірінде Наргиз Северная апелляциялық шағым түсіретінін білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG