Accessibility links

FT: Батыс елдері Ресейдің тыйым салынған активтерін кәмпескелеп, Украинаға беру мәселесін қарастырып жатыр


Батыс елдері Ресейдің тыйым салынған активтерін кәмпескелеп, Украинаға беру амалдарын мұқият зерттеп жатыр. Бұл жөнінде Financial Times жазды.

Ақпаратқа қарағанда, кейінгі апталарда АҚШ жеке келіссөздерде Ресейдің тыйым салынған активтерін кәмпескелеу бойынша ұстанымын табанды түрде жеткізіп келеді. "Үлкен жетілік" елдерінің отырысында АҚШ активтерді "халықаралық құқыққа сәйкес" кәмпескелеу жолы барын айтқан.

"Үлкен жетілік" және өзге елдер Ресейге басқыншылығын тоқтатуға түрткі болатын шара ретінде активтерін кәмпескелей алады" деп жазылған басылым танысқан АҚШ үкіметінің құжатында.

АҚШ-тың ресми өкілі Financial Times басылымына Вашингтон Ресей активтерін пайдалану бойынша қызу келіссөздер жүргізіп жатыр және қысқа уақыт аралығында шешім қабылдау керек деп санайды деген. Бұл мәселе Ресей басқыншылығына екі жыл толуына орай арналған "Үлкен жетілік" елдерінің кездесуінде талқылануы ықтимал.

Келіссөздердің жандануына кейінгі апталарда Украинаға 100 млрд-тан астам қаржылай екі көмек пакетінің мақұлданбауы түрткі болып отыр: АҚШ конгресіндегі республикашылдар және Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Киевті қаржыландыруға қарсы шықты.

  • Батыс елдерінде Ресей орталық банкінің резервіндегі шамамен 300 млрд доллар бұғатталған.
  • 14 желтоқсанда Венгрия Еуроодақ саммитінде Украинаға 50 млрд еуро көлемінде экономикалық көмек көрсету туралы шешімге вето қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG