Accessibility links

Иран байытылған уран өндірісін ұлғайтты


МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси
МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси

Иран байытылған уран өндірісін ұлғайтып, айына 9 келі байытылған уран өндіре бастады, деп хабарлады Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) сүйенген "Неміс толқыны" сайты.

Reuters-тің жазуынша, Иранда 60 пайызға байытылған уранның көлемі жеткілікті, Тегеран оларды 90 пайызға жеткізіп, соның негізінде үш атом бомбасын жасай алатындай қауқарға ие.

Ал Тегеран атом бомбасын жасауды көздемейтінін айтып ақталды.

2023 жылы қыркүйекте Иран МАГАТЭ-нің бірнеше инспекторының аккредитациясын жарамсыз ететінін мәлімдеген. Алайда МАГАТЭ жетекшісі Рафаэль Гроссидің айтуынша, Иранда БҰҰ-ның ядролық энергия жөніндегі агенттігі қызметкерлерінің үштен бірі бақылаудан шеттетілген.

18 қыркүйекте Германия, Ұлыбритания, Франция және АҚШ Иранды "шешімінен бас тартуға" үндеген.

  • Иранмен ядролық келісімге 2015 жылы қол қойылған. Оған Ираннан өзге Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай және Франция қатысқан. Бұл келісімде Тегеранға салынған халықаралық санкцияларға айырбас ретінде Иранның ядролық бағдарламасын шектеу мәселесі қарастырылады.
  • Бұл келісім Иранға ядролық энергияны азаматтық мақсатта пайдалану үшін ураны 3,67%-ға ғана байытуға рұқсат береді. Ал ядролық қару жасау үшін 90 пайызға дейін байытылған уран қажет.
  • 2018 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамп келіссөзден шығып, Иранға біржақты санкция салуға көшкен. Бұл әрекет келісімге қатысушы өзге мемлекетттердің сынына ұшыраған. Тегеран оған жауап ретінде өз міндеттемелерін біртіндеп азайтып, ядролық бағдарламасына қайта кіріскен еді.
  • Ядролық келісімді жандандыру бойынша келіссөз 2021 жылы сәуірде Венада басталған. Батыспен қарым-қатынасты қатайтуды жақтайтын Ибрахим Раиси Иран президенті болғаннан кейін бұл келіссөз тиімсіз бола бастады.
  • АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден белгілі бір шарттар орындалса, келіссөзге қайта оралуға дайын екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG