Accessibility links

Лукашенко әскери қызметкерлердің азаматтарға қару қолдануына рұқсат берді


Александр Лукашенко
Александр Лукашенко

Авторитар басшы Александр Лукашенко Беларусь қарулы күштерінің жарғысына "өздеріне жүктелген міндетті орындау кезінде әскери қызметкерлердің азаматтарға оқ атуына, арнаулы құралдар мен техникаларды қолдануына болатыны" туралы өзгеріс енгізді.

Бұл өзгеріс бойынша, азаматтар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда да қару қолданылуы мүмкін, әрекеті жарғыға сай болса, әскери қызметкер жауапқа тартылмайды.

Бұрын Лукашенко "Мемлекеттік қауіпсіздік органдары туралы" заңды өзгерткен. Ол өзгеріс бойынша, арнаулы қызметтің қызметкерлері "қарулы қарсылық көрсеткен жағдайда, қарумен шабуыл жасаған жағдайда әйелдер мен балаларға және мүгедектерге де қару қолдана алады".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG