Accessibility links

АҚШ Навальныйдың өліміне байланысты Ресейге қарсы ірі санкция пакетін жариялайды


Алексей Навальный портреті
Алексей Навальный портреті

АҚШ Ресей түрмесінде көз жұмған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың өлімі мен Украинадағы соғыстың екі жылдығына байланысты Ресейге қарсы ірі санкция пакетін жариялайды.

Бұл жөнінде Калифорнияға сапары кезінде журналистерге АҚШ президенті Джо Байден хабарлады. Ол шара жөнінде толық ақпарат 23 ақпанда жарияланатынын айтты, деп жазды Reuters.

Бұған дейін санкция әзірленіп жатқанын Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өкілі Джон Кирби де мәлімдеген. Ол АҚШ Ресейден Алексей Навальныйдың өлімінің жай-жапсарын барынша ашық түсіндіруді талап ететінін айтқан.

"Ресей үкіметі әлемге қалай түсіндірсе де, Навальныйдың өліміне президент Путин мен айналасы жауапты екені айдан анық" деді Кирби. АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі Навальныйдың өлімі жөнінде барынша көп ақпарат алуға тырысып жатыр, деп жазды "Америка дауысы" сайты.

Навальныйдың түрмеде көз жұмғанын Ресей билігі 16 ақпанда жариялаған. Қылмыстық жазаны атқару федералдық қызметінің хабарлауынша, ерекше қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеген оппозиционер "күндіз серуеннен кейін көз жұмған". Саясаткер қаза болғанға дейін бірнеше күн бұрын тәртіптік изоляторға 27-рет жөнелтілген.

  • Оппозиционердің жақтастары саясаткерді өлтірді деп санайды. Жақындарына Навальныйдың сүйегі әлі берілмеген. Навальныйдың жесірі Юлия Навальная күйеуінің ісін жалғастыратынын айтты.
  • Америка президенті Джо Байден Навальныйдың өліміне Ресей басшысы Владимир Путинді кінәлады.
XS
SM
MD
LG