Accessibility links

 The New York Times Навальныйды Красиковқа айырбастау туралы ұсыныс болғанын хабарлады


Навалный, Красиков, Путин. Коллаж.
Навалный, Красиков, Путин. Коллаж.

Германия АҚШ-тан Алексей Навальныйды қамаудағы Ресей азаматы Вадим Красиковпен айырбастауды қарастыратын кез-келген келісімге қосуды сұраған. Бұл туралы The New York Times аты-жөні аталмаған АҚШ шенеуніктеріне сілтеп жазды.

Financial Times мәлімет көздерінің хабарына қарағанда, Красиковты Навальныйға, Мәскеуде тұтқындалған америкалық журналист Эван Гершковичке және Ресей тыңшы деп ұстаған америкалық Пол Уиланға айырбастау мүмкіндігі қарастырылған.

Шешенстанның дала командирі Зелимхан Хангошвилиді өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Красиков Германия түрмесінде отыр. Федералды прокурордың айыптау актісінде "Ресей арнаулы қызметінің тапсырысымен өлтірген" дейтін қорытынды бар.

Навальныйды айырбастау жөніндегі келіссөз туралы Наальныйдың өлімінен кейін Ресей журналисі Юлия Латынина мен немістің Bild таблоиды хабарлаған. 26 ақпанда бұл ақпаратты жемқорлықпен күрес халықаралық қорының директоры Мария Певчих те растаған.

Латынина, Bild және Певчих айырбас ақпан айына көзделген деп санайды. The New York Times нақты келісім болғанын анықтауды сәті түспегенін жазған. Frankfurter Allgemeine Zeitung мәлімет көздері "келіссөз алға жылжи бастағанын" айтқан.

Германия үкіметі бұл ақпарат жөнінде ресми түсініктеме берген жоқ. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "өз қолында мұндай ақпарат жоқтығын" мәлімдеген.

  • Зелимхан Хангошвили туралы Bellingcat зерттеуінде Вадим Красиковтың 1965 жылы қазіргі Түркістан облысының Кееңестөбе ауылында 1965 жылы 10 тамызда дүниеге келгені көрсетілген. 1980 жылдары отбасымен бірге Бурятияға көшкен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG