Accessibility links

Атырауда ескерткіш құлап, бір баланы мерт қылды, екіншісінің қолы сынды


Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында құлаған ескерткіш.
Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында құлаған ескерткіш.

26 маусымға қараған түні Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы алаңында ескерткіш құлағанда қатты зардап шеккен кәмелетке толмаған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілген соң көз жұмған. Бұл туралы Атырау қаласының полиция басқармасы хабарлады.

Полиция қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатқанын, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 25 маусым сағат 21.40 шамасында ауа райы бұзылып, қаладағы Жеңіс саябағында тұрған ескерткіш құлап, зардап шеккен екеу – бір отбасының 2015 және 2017 жылы туған балалары ауруханаға түскен.

Ауыр жарақат алған 7 жасар қыз жансақтау бөліміне жатқызылып, тиісті ем-шара көрсетілді, бірақ ол жан тапсырды деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ал 9 жастағы ұл баланың қолы сынған. Дәрігерлер оған гипс салып бергеннен кейін үйіне жіберген.

Атырау қаласының әкімдігі қазір қаладағы бюстердің аумағы қоршалып, техникалық сараптама тағайындалды деп хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG