Accessibility links

Түркістанда жүк вагоны аударылып, жолаушылар жолда қалды


Түркістан облысы Түлкібас ауданында аударылған жүк вагоны. 26 маусым, 2024 жыл.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында аударылған жүк вагоны. 26 маусым, 2024 жыл.

25 маусым кешке Түркістан облысы Түлкібас ауданында жүк вагоны жолдан шығып кетіп, аударылып, өрт шыққан. Соның салдарынан он бағыттағы жолаушылар пойызы тоқтап қалды. "Жолаушылар көлігі" акционерлік қоғамы пойыз жолы қалпына келтірілгенін хабарлады. Бірақ жолаушылар әлі жолда тоқтап тұрғанын айтты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға сағат 19.20-да болған. Оларға хабар бір сағаттан соң түскен. 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен, вагондар аударылғанда жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп, өрт шыққан. Төтенше оқиғадан адамдар зардап шеккен жоқ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында аударылған жүк вагоны. 26 маусым, 2024 жыл.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында аударылған жүк вагоны. 26 маусым, 2024 жыл.

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы Азаттыққа 25 маусым таңертеңгі сағат 11.00-де рельс жөнделгенін хабарлады. Оқиға салдарынан түрлі бағытта жолаушы тасымалдайтын он пойыз тоқтаған. 500-ге жуық жолаушыны оқиға болған жерден автобуспен алып кеткен. Екі мыңнан аса жолаушы өзі мінген пойызда қалып, жолдың жөнделгенін күткен. Компания оларға ас-су жеткізген.

Азаттықтың Атыраудағы тілшісі Айнұр Сапарова сағат 15.00-де Алматы – Атырау бағытындағы жолаушы пойызы Түлкібас ауданында әлі тоқтап тұрғанын хабарлады. Пойыз Тараз қаласында екі сағат, Түлкібас ауданында үш сағат тұрған.

"Пойыздардың кідіру уақытын қысқарту үшін қажетті шара қолданылып жатыр" делінген компания хабарламасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG