Accessibility links

Түркістан облысындағы балабақшада 34 бала уланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

25 маусымда Түркістан облысы Келес ауданындағы жекеменшік "Уәлихан" балабақшасында 2-5 жас аралығындағы 34 бала уланып, ауруханаға түскен.

Алдын ала болжам бойынша, "балалар ботқадан уланған" болуы мүмкін. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы үш бала аурухана жатыр, қалғаны үйіне жіберілді деп хабарлады.

Білім басқармасының мәліметінше, балалар таңғы асқа ботқа ішкен. Түске жақын олардың денсаулығы нашарлап, жедел түрде дәрігер көмек көрсеткен.

Облыстық денсаулық басқармасы үш бала аудандық аурухананың инфекция бөлімінде жатыр, жағдайлары бірқалыпты деп мәлімдеді. Балалардан сынама алынған.

Түркістан облыстық санитария-эпидемиология қадағалау департаменті эпидемиологиялық іс-шаралар жүріп жатқанын хабарлады.

Облыстық полиция департаменті балабақшадағы оқиғаға байланысты "Санитария ережелерін немесе гигиена нормативтерін бұзу" (304-бап) бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу бастаған.

Ақпаратқа қарағанда, "Уәлихан" балабақшасына 130-ға жуық бала барады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG