Accessibility links

Боливия президенті елде мемлекеттік төңкеріске талпыныс жасалғанын айтты


Боливияда бетперде таққан әскери адамдар тобы беренді көлікпен президенттің ресми резиденциясы мен парламент ғимараты орналасқан Ла-Пас қаласындағы Мурильо орталық алаңын басып алды.

Олардың әрекетін алаңдағы ғимараттардың бірінде отырған қазіргі ел президенті Луис Арсе айыптады. Ол әскери қызметкерлерді "демократияны құрметтеуге", ал ел азаматтарын "төңкеріс әрекетіне" қарсы тұруға шақырды.

Бүлік шығарғандарды генерал Хуан Хосе Суньига басқарып тұр. Оны сейсенбі, 25 маусымда армия қолбасшысы қызметінен босатқан. Ол өзіне бағынышты топтың әрекетін қарулы күштердің елдегі жағдайға "наразылығының көрінісі" деп атады. Генерал Суньига президент Луис Арсеге "әзірге" бағынатынын, алайда "үкімет кабинетін өзгертуге" шара қабылдайтынын айтты.

Суньига елдің бұрынғы президенті Эво Моралеске қоқан-лоқы көрсеткеннен кейін қызметінен кеткен еді. "Ол енді бұл елдің президенті бола алмайды. Конституцияны таптауға, халықтың мандатына бағынбауға жол бермеймін" деді генерал.

Экс-президент Эво Моралес жаппай ереуіл жариялап, жақтастарын жолдарды жабуға шақырған. Қазіргі президент Луис Арсені қолдайтындар Мурильо алаңына шығуға тырысқан. Бірақ әскери адамдар оларға жас ағызатын газ шашып, күштеп таратты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG