Accessibility links

Донецк облысында 4 тұрғын қаза тапты. Ресей әскері Торецк бағытында шабуылды күшейтті


Украинаның Донецк облысында Торецк қаласы. 13 маусым, 2024 жыл.
Украинаның Донецк облысында Торецк қаласы. 13 маусым, 2024 жыл.

Украинаның Донецк облысында Киевке бағынатын аудандарда 29 маусымда болған шабуылдардан кемінде төрт адам қаза тапқан. Мұндай ақпаратты Донецк облыстық әскери әкімшілігі мен Донецк областық прокуратурасы таратты. Кем дегенде жеті адам жараланған.

Украина билігі сенбіде Лиман ауданындағы Заречное кентіне жасалған зымыран шабуылынан жер үйде болған үш адам қаза тапты деп хабарлады. Сондай-ақ, Горловка маңындағы Нью-Йорк кентінің бір тұрғыны ауыр жараланып, кейін көз жұмған. Троицк қаласында, Нью-Йорк кентінде және көрші ауылдарда тұратын бірнеше адам жараланған.

Бір күн бұрын Ресей күштері әуеден шабуыл жасап, Нью-Йорк кентінде төрт адам қаза тапқан еді. Ресей әскері Донецк облысындағы майдан шебінің бірнеше тұсынан шабуылға шыққан, кейінгі күндері Горловканың батысында – Торецк қаласы мен Нью-Йорк кенті бағытында ұрыс жанданды. (Нью-Йорк – жергілікті елді мекеннің тарихи атауы, совет заманында ол Новгород деп өзгертіліп, осыдан біраз уақыт бұрын Украинадағы коммунизм мұраларынан арылу саясаты аясында Нью-Йорк атауы қайтарылған).

Сенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі сенбіде Донецк облысындағы Шумы ауылын алғанын мәлімдеді. Бұл елді мекен Ресей әскері стратегиялық маңызды саналатын Торецк қаласына шабуылдап жатқан жолда тұр. Украиналық дереккөздер Шумы ауылы Украина қарулы күштерінің бақылауынан сусып бара жатқанын осыдан бір апта бұрын, 21 маусымда жазған. 2014 жылы пайда болған майдан шебі екі жыл бұрын Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс басталғалы бері сол күйінде болатын. Ал қазір Ресей әскері осы шепте белсенді іс-қимылға көшкен.

  • Днепр қаласында Ресей шабуылынан кейін іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ресей күштерінің ракетасы түскен көпқабатты тұрғын үй жартылай қирады. Бір адам қаза тауып, 12 адам жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG