Accessibility links

Ресейде өзбек қауымдастығының жетекшісі төрт жылға сотталды


Усман Баратов
Усман Баратов

Мәскеу облысы Ступинск қалалық соты өзбек диаспорасының "Ватандош" қауымдастығының басшысы Усман Баратовты "жеккөрушілікті қоздыру" бабы бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Бұл жөнінде SOTAvision басылымы жазды.

Баратовқа қарсы қылмыстық іс былтыр әлеуметтік желідегі жұмыртқаның қымбаттауына байланысты жазбасына қатысты қозғалған. Ол тауықтың суретін салып, "қораздарды соғыстан қайтарыңдар!" деген жазба қалдырған.

Бұл жазбаға кремлшіл блогерлер шағымданған.

Баратовтың өзі лингвистикалық сараптама әділ жүргізілмегенін, сот үкімі заңсыз екенін айтып, өзінің ісін адам құқықтары бойынша Еуропалық сот қарауы тиіс деген.

Биыл ақпан айында Усман Баратовтың аты-жөні "экстремистер және террористердің тізіміне" енгізілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG