Accessibility links

Латвия жеріне ресейлік дрон құлады деген хабар тарады


"Герань" дронының бөлшегі. Көрнекі сурет.
"Герань" дронының бөлшегі. Көрнекі сурет.

Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері Латвия жеріне алғаш рет әскери дрон құлады. Аппарат Беларусь жақтан ұшып келген. Оқиға 7 қыркүйекте Резекне өлкесінде болған деп хабарлады Латвия қорғаныс министрлігі. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл ресейлік дрон болған.

Латвия әскери органдары мен арнайы қызметтері бұл жайтқа байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Қорғаныс министрлігі оқиға жайлы НАТО қолбасшылығын хабардар еткенін, Латвияның шығыс шекарасында әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері күшейтілгенін айтты.

Дроннан зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы хабар болмады.

Ел президенті Эдгар Ринкевич дрон құлады деген ақпаратты растап, НАТО одағының шығыс қапталында мұндай оқиғалар көбейіп келе жатыр деді.

Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағаннан кейін Румыния, Польша және Болгарияны қоса алғанда, көрші елдер аумағынан 20-дан астам рет зымыран мен дрон бөлшектері табылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG