Accessibility links

Илон Маск 2027 жылға қарай әлемдегі бірінші триллионер болуы мүмкін


Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск.
Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск.

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаған Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер болуы мүмкін. Әлемнің әл-ауқатын бақылайтын Informa Connect Academy зерттеу тобы осындай қорытындыға келді.

Масктің қазіргі байлығы – 251 млрд доллар, жылына шамамен 110 пайыз өседі. Зерттеушілер бұл 2027 жылға қарай триллионға жетуі мүмкін дейді.

Масктен кейінгі екінші адам – порттар мен әуежайларды, энергетикалық және тау-кен кәсіпорындарын басқаратын Adani Group концернінің тең төрағасы, үнді кәсіпкері Гаутам Адани болуы мүмкін. Оның компаниялары қазіргі қарқынмен (жылына 123 пайыз) дамитын болса, 2028 жылы триллионға жетеді.

Informa Connect Academy ақпаратына сәйкес, 2030 жылға дейін Nvidia компаниясының атқарушы директоры Дженсен Хуанг, индонезиялық энергетика магнаты Праджого Пангесту, LVMH (Moët Hennessy Louis Vuitton) холдингінің басшысы Бернар Арно және Meta басшысы Марк Цукерберг те триллионер атануы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG