Accessibility links

Израиль әскері "Хезболланың" теңіз қолбасшысын тұтқындады


Израильдің әскери катері.
Израильдің әскери катері.

Израиль әскері Ливанда "Хезболла" радикал тобының жоғары лауазымды шенеунігін тұтқынға алды. ("Хезболла" АҚШ пен өзге елдерде террористік ұйым танылған).

Қолбасшының аты-жөні – Имад Әміхаз. ЦАХАЛ оны әскери-теңіз күштеріндегі маңызды ақпараттарды біледі деп санайды.

The Times of Israel басылымының жазуынша, Әміхазды ұстау бойынша операцияны теңіз күштерінің бөлімі жүргізген. Олар Триполидің оңтүстігіне қарай жағалауға қонып, Әміхаз отырған ғимараттан оны ұстап әкеткен. Бұдан соң катермен Израильге жеткізген. Оны енді барлаушылар тергейді.

Израиль әскерінің дерегінше, Әміхаз "Хезболланың" теңіз операцияларына жауап берген. Қарулы топтың өзі оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Ал Ливанның көлік министрі Али Хамиенің айтуынша, Әміхаз азаматтық кеме капитаны және "Хезболланың" кемелері туралы ақпараттан хабарсыз. Ливанның премьер-министрі міндетін атқарушы Наджиб Микати Ливан азаматының ұрлануына қатысты БҰҰ-ға шағым түсіретінін айтты.

"Хезболла" радикал тобы Израильге шабуылдаған ХАМАС-ты қолдау мақсатында 7 қазаннан кейін Израильге шабуылын үдеткен. (ХАМАС тобы ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым танылған). Израиль бұған жауап ретінде Ливанның оңтүстігінде "Хезболлаға" қарсы әскери операция бастаған.

XS
SM
MD
LG