Президент Виктор Янукович Украинаның Ресей жетекшілігіндегі кеден одағына қосылғысы келмейтінін анық етіп айтты. Оның орнына Янукович еркін сауда келісімін ұсынды.
Бейсенбі күні парламентте халыққа жасаған жолдауында Янукович Украина - Ресей, Беларусь және Қазақстаннан құрылған - Кеден одағымен «3+1 схемасы» бойынша ынтымақтасуды ұсынады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Киев сонымен қатар осы жылы Еуропа Одағымен еркін сауда келісімін жасауды қалайды. Бұл әрекет жасалса бұрынғы совет республикаларының сауда блогына қосылу мүмкін болмайды.
Сәуірдің 12-де Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің Украинаға сапары жоспарланған.