Иран президенті Махмуд Ахмадинежадты негізінен қатаң бағытты ұстанушы консерваторлар қолдауда.
Оның жақтастары парламенттегі азшылықты құрап отыр. Сондықтан олар парламенттегі көпшілік боп табылатын басқа да консерваторлармен билік бөлісуге мәжбүр.
Парламентте сонымен бірге реформашылар мен өзге де тәуелсіз депутаттар азшылық боп табылады.
Осыған қарамастан Ахмадинежад билік барысында қатаң саясат ұстануда.
Сайлаудан кейінгі шерулерге қатысқан, Төңкерісшіл жасақтың бұрынғы басшысы Мохсен Резайдің баласының өлімі консервативтердің өзін толғанысқа түсірді.
"Ахмадинежад сайлау кезінде дауыстарды ұрлады" деп шеруге шыққан реформашылардың қарсылық әрекеттері басып тасталды.
Алайда ендігі жерде президентті қолдайтын қатаң қолды консерваторлар мен оны қолдамайтын консерваторлар арасындағы тай-талас күшейе түсуде.
Мысалы, елдегі ықпалды діни тұлғалар мен дүкен иелері одағының, яғни Ислам қауымдастықтары коалициясының басшысы Хабиболла Асгар Оулади таяуда ғана президенттің атына ашық хат жолдады.
Онда олар Ислам төңкерісі көздеген мақсаттар арнасында жұмыс істеуге президентті шақырған болатын.
Аталған коалицияға мүшелер мешіттер мен базарларда қызмет істейді. Бұл коалиция Ахмадинежатты қолдамайтын әрі көпшілік боп табылатын консерваторларды қолдауда.
Алайда Ахмадинежад жоғарыда аталған ескертулерді қаперіне ілместен, қызметін одан әрі жалғастыруда,-дейді Азаттық тілшілері Мазиар Мокфи мен Чарльз Рекнагел.
Президент қазір жаңа үкімет құрамын жасақтауда. Ол үкімет құрамын негізінен тәжірибелі жас мамандармен жасақтамақшы.
Парламент төрағасы Али Ларижани жаңа үкіметке ұсынылатындар тізімін парламенттегі талқылаудан бұрын ақылдасып алуға кеңес берген еді.
Алайда Ахмадинежад осылайша, билік айналасындағы жастары ұлғайған консерваторлардан гөрі қазірдің өзінде тәжірибе жинақтап үлгерген жастарды үкімет билігіне тартуды лайық көруде.
Иран билігі негізінен рухани көсем қолына жинақталған. Дей тұрғанмен Ахмадинежад айналасындағы дау-дамай биліктің кімнің қолына жинақталғанына ғана тіреліп тұрған жоқ. Мәселе президенттің өзіне мықты жаулар тауып алғанында дейді базбір сарапшылар.
Ал, келесі бір сарапшылардың пікірінше, Ахмадинежад елдегі қазіргі саяси дағдарысты өзін қолдамайтын консерваторлардың негізгі бөлігін назардан тыс қалдыру үшін қолдануда.
Президентті елдегі кедей тап қолдап келеді. Сондықтан Ахмадинежад оларды кез-келген уақытта өзіне қолдау көрсету үшін шерулерге шақыра алады.
Сонымен бірге президентті қолдаушылар Басиж және Төңкерісшіл жасақ құрамында да көптеп есептелуде.
Ахмадинежадты жақтаушылар рухани көсемді қолдайтындарын бұдан бұрын-ақ білдірген болатын.
Бір қызығы президентке қарсы шығушы реформашылар мен басқа да консерваторлар да рухани көсемге бағынады.
Демек, билік үшін егеске түсіп отырған тараптардың барлығының да қызығушылықтарының тоғысатын жері рухани көсем айналасы болып отыр.