- Пара бермеңіздер. Ұсталып қалуларыңыз мүмкін. Біздің бөлімдер жұмыс істеп жатуы мүмкін. Пара беріп құтылғың келгенмен ол үшін түрмеге отыруың мүмкін. 85 азамат осындай қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деді ол.
2008 жылдың тамыз айынан бастап күшіне енген Әкімшілік кодекс және басқа да заңдардағы өзгерістерге сәйкес, көлік жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлескені үшін және қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатындығы белгілі. Бұл шамамен 5 мың теңге. Осы заң өзгерістеріне қатысты Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов елде жол қауіпсіздігі жақсарып келеді деген көзқарасын тағы білдірді. Ал, қарапайым жүргізушілерінің көбі жол ережелерін қатаңдатудың кесірінен жемқорлық көбейіп кетті деп есептейді.
Қазақстанның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанада тамыз айындағы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжановқа жемқорлықты жою үшін өз қатарларын тазарту шараларын қолдануды тапсырған. Бұл жолы Премьер-министр жол полициясында жемқорлық фактілерінің бар екендігін жеткізді. Министрге айтқан сөзінде Мәсімов былай деді:
- Сондықтан аттестация өткізіп, ары таза емес қызметкерлерден тазару керек деген сіздің ұсынысыңызды қолдаймын.
Министр Мұхаметжанов:
- Біз қатаң аттестация өткіземіз. Ол ашық болады. Оған БАҚ өкілдерін шақырамыз. Алдымен министрлік облыстардағы жол полиция жетекшілерін аттестациядан өткізеді, - деді.
Премьер Мәсімов болса жол полициясы қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілуі мүмкін екендігін жеткізді. Министрге айтқан сөзінде Мәсімов былай деді:
- Президент Назарбаевтың үкіметке берген жол полиция қызметкерлерінің еңбекақысын едәуір көтеру керек деген тапсырмасын ескере келіп, бұл бөлімді элиталық жасауға сіздің мүмкіншілігіңіз бар.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы департаментінің бастығы Өмірзақ Түсімов болса, жемқорлықпен күресу үшін бейнекамералар қолданылатындығын айтқан. Министр Мұхаметжановтың мәліметінше, Қазақстанда бүгінгі таңда жолдарды бейнекамераға түсіретін 12 орталық салынды. «Бірақ, бұл көрсеткіш тым аз», деді министр.
Жол қауіпсіздігі мәселесі президент Назарбаев төрағалық ететін Қауіпсіздік кеңесіне дейін жеткен соң, жол ережелері қатаңдатыла бастады. Ішкі істер министрінің орынбасары Әлік Шпекбаевтың мәліметінше, жол Ережелерін қатаңдату қажеттігі жол апаттарының өсуімен байланысты.
Қазақстанда жыл сайын жол апаттарынан 4200 адам көз жұмады деді ол.