Сайлау науқанынан шығып қалған кандидаттардың бірі, «Шаңырақ» республикалық қозғалысының жетекшісі Асылбек Қожахметов 19 наурыз күні баспасөз-мәслихатын өткізіп, Алматыдағы сайлау процесінің жағдайына қатысты пікірін айтып берді. Сайлаудың өзі наурыздың 29-ында өтпек.
«Депутаттыққа кандидаттардың, көп жағдайда, ойдан шығарылған себептермен тартыстан шығып қалуы, қазақстандық сайлау жүйесі үшін соншалықты күтпеген жаңалық емес. Бірақ, олардың барлығын бір-ақ себеппен – сайлау декларациясы дұрыс болмағандығы үшін сайлауға жібермей қоюы бірінші рет болып отыр»,- дейді сайлауға түсушілер мен бақылаушы-сарапшылар.
– Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидатурамды ұсына отырып мен билік бишікештері тарапынан белсенді қарсылыққа ұшырайтындығымды білгенмін және оған дайын болатынмын. 1999, 2003 және 2004 жылдардағы сайлау науқандарына қатыса жүріп қарсылық әрекеттері мен арандатулардың талайын басымнан өткергенмін, – деп бастады әңгімесін Асылбек Қожахметов. – Алайда, осы жолғы сайлау науқанында әкімшілік ресурс күткендегіден де асып түсті. Мені ойдан шығарылған формальді себеппен – салық декларациям сәйкес келмегені үшін сайлау додасынан шығарып тастады. Бұл әрекеттің жоғарыдағылардың тапсырысымен болып отырғандығына күмәнім жоқ. Екі күннің ішінде сайлау додасына түскен 33 адамның 17-сін бірдей себеппен шығарып тастау деген мүлдем ақылға сыймайды.
Бұдан әрі Асылбек Қожахметов өзіне тағылған салық декларациясына қатысты мәселелерді айтып берді. Алматы қалалық сайлау комиссиясы оның осыдан көптеген жыл бұрын ұрланып кеткен автомашинасының салық декларациясында көрсетілмеуін елеулі қателіктердің бірі деп есептеген.
Бұған қатысты Асылбек Қожахметов былай деді:
"Осыдан 16 жыл бұрын автомашинамды ұрлап кеткенде мен заңға сәйкес тиісті полиция органдарына хабар бердім. Не үшін бұл уақытқа дейін машинаның есептен шығарылмағандығын мен түсінбеймін. Ең қызығы, 1999, 2003 және 2004 жылғы салық декларацияларында бұл машинаны көрсетпегенмін. Онда ешқандай ескерту болған жоқ. Ал, енді міне сопаң етіп шығып отыр. Бұның өзі биліктің тиісерге қара таппай отырғанын көрсетпей ме? Қалған ескертпелер де шамамен осы тектес.
Бірден мынаны мәлімдегім келеді: мен комиссияның осы заңсыз әрекеттеріне байланысты сотқа жүгінбеймін. Бұның бәрін өтіп қойғанмын. Бәрібір жеңбеймін, бекерге уақытым кетіп, жүйкем тозады".
Азаттық радиосы Асылбек Қожахметовке төмендегідей сұрақ қойды:
– Асылбек мырза, сіз бұдан бұрын да сайлауға бірнеше мәрте қатыстыңыз және барлығында бір ғана жағдай. Сізді бәрібір жібермейтінін алдын ала біле тұра бұл іске не үшін қайтадан араласасыз?
– Мен бұрын да жұмыс істедім және елдегі саяси жүйені өзгерту бағытында дұрыс жұмыс істедім деп есептеймін. Бірақ, үлкен табысқа жете қойған жоқпын. Солай бола тұра, оны қалай іске асыруды білмеймін. Сонымен бірге, жай ғана бизнеспен айналысқым келмейді. Мен адамдар үшін жұмыс істеп, оларға пайда әкелгім келеді. Менің девизім: «Аспандағы айдан қолымдағы бар артық».
Мәслихаттың деңгейі төмен, оның ешқандай құқық-құзыры жоқ деген пікірмен келіспеймін. Бақай, Шаңырақ мәселесі бойынша жұмыс істеп, әкімшілік билікпен, мәслихат депутаттарымен бетпе-бет келгенде, олармен жұмыс істеуге болатындығын түсіндім. Бұны өз тәжірибемде байқадым. Егер мәслихатқа өтіп кетсем, көптеген депутаттарды Шаңырақ мәселелерін шешуге жұмылдыра алатын едім. Бірақ, болмай қалды. Ештеңе емес. Шаңырақ мәселесімен бұдан әрі де айналыса беремін, – деп жауап берді А.Қожахметов.
Дәл осы күні Алматы қалалық мәслихатына басқа округтен түскен тағы бір кандидат – заңгер Сергей Уткин журналистермен кездесті. Ол да сайлау додасынан шығып қалған. Сайлау комиссиясының оған таққан кінәсі де дәл алдыңғыдай.
Көптеген мысалдардың ішінде Сергей Уткин мына бір фактіні айта кетті:
– Осыдан 5-7 жыл бұрын мен БТА Банктен кәдуілгі ағымдағы есепшот ашқанмын. Есепшоттағы ақшаны жұмсап болған соң, бұл шотты пайдаланбағанмын. Сөйтсем, менің есебімде 300 теңгедей (2 доллар шамасы) ақшам қалған екен. Енді осы үшін мені табысын жасырғандардың қатарына қосып қойыпты.
Азаттық радиосының тілшілері, сайлау комиссиясы кандидаттарды не үшін осындай болмашы ғана, абсурдтық фактілер бойынша сайлаудан шығарып жатыр, бұның артында не тұруы мүмкін деген сауалды сайлау заңдылықтары саласындағы сарапшы Дос Көшімге қойған еді.
«Бұның барлығы - ойын. Ең қызықтысы, менің ойымша, бұл әлі жалғаса береді. Кейбір додадан шығып қалған кандидаттар сотқа береді деп ойлаймын. Олардың арасында кейбіреулері сотта жеңіп шығуы да мүмкін. Бұны билік демократияның салтанат құруы деп көрсетеді. Мінеки, адамды сайлау додасынан себепсіз шығарып тастаған еді, ол сотқа беріп, жеңіп шықты. Бұның өзі Қазақстан демократиялық принциптермен өмір сүріп отыр деген сөз емес пе?!
Ал, сотқа жүгініп өзінің кінәсіздігін дәлелдегісі келмегендерді, атап айтқанда Асылбек Қожахметов сияқты кандидаттарды, ертеңгі күні табысын жасырғаны үшін сотқа беруден қорықты деп айтары сөзсіз. Байқайсыз ба, билік барлық қадамын қандай қулықпен есептеп отыр.
Және ең бастысы, бұл жолы не үшін салық декларациясын белсенді түрде тексере бастады? Бұның себебі мынада деп ойлаймын: билік барлық тәуелсіз кандидаттарды, соның ішінде оппозициялық партиядан шыққандарды бірінші кезекте, салық тексерулерімен қорқытып қойғысы келеді. Өзіміз көріп отырғандай, қажет болған жағдайда ең болмашы деген себеппен кез-келген қажетсіз кандидатты додадан шығарып тастауға болады емес пе?
Мен тәуеліз бақылаушылардың республикалық желісін басқарған 2003-2004 жылғы сайлауларда біз әріптестерімізбен бірге Орталық сайлау комиссиясының алдында салық декларациясы мәселесін бірнеше мәрте көтердік. Кандидаттардың мандат үшін күресуге мүмкіндігі болғанын сұрадық. Ал, егер оның елеулі қателіктері болса, онда депутаттық мандатын алып қоюға ешқашан кеш болмайды.
Байқап отырғаныңыздай, біздің бұл ұсынысымыз өтпей қалды. Енді «табысын жасырды» деген түсінік биліктің қолындағы қуатты қаруға айналды. Бірақ, оның өз адамдарына еш қатысы жоқ», - деп қорытты Дос Көшім.